01 қараша 2018 12:58

337 мың теңге зейнетақы алу үшін қай салада жұмыс істеу керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шамамен 337 мың теңге зейнетақы алу үшін қай салада жұмыс істеу керектігі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шамамен 337 мың теңге зейнетақы алу үшін қай салада жұмыс істеу керектігі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, осыған дейін еліміздегі ең жоғары жалақы аталған болатын.

Сарапшының айтуынша, БЖЗҚ-дағы шотта 10 миллионнан 30 миллион теңгеге дейін ақша жинау үшін және зейнет жасынан асқан соң жоғары зейнетақы алу үшін кем дегенде 20 жыл уақыт депутат немесе қаржы, мұнай-газ саласында және күш құрылымдарында жұмыс істеу керек.

"Жинақтаушы жүйе жайлы айтатын болсақ, 337 мың теңге зейнетақы алу әбден мүмкін. Одан да көп алуға болады. Қазақстанда зейнетақы шотында 10, 20 және 30 миллион теңгесі бар адамдар жетеді. Олардың басым бөлігі қаржы, мұнай-газ және күш құрылымдарындағы қызметкерлер. Мысалы, 1998 жылдан бастап 20 жыл бойы ақша жинағандар және үнемі жұмыс істеп жүрген, ешқашан жұмыссыз жүрмеген, төлемдерді жүйелі түрде аударып жүргендер, әрине, осындай зейнетақы алады. Бірақ бізде ондай ақша алатындар аз - халқымыздың 2-3 пайызы ғана шығар", - дейді "Финпотребсоюз" басқарма төрағасы Айдар Әлібаев.

Сондай-ақ, сарапшы шамамен 30 миллион теңге жинау үшін қызметкердің қанша жалақы алуы керектігін айтып өтті.

"Депутатты мысал ретінде алайық. Оның жалақысы шартты түрде - миллион теңге. Ай сайын 100 мың теңге төлейді, бір жылда сонда миллион 200 мың теңге шығады. 20 жылда - 24 миллион теңге. БЖЗҚ ол қаражатты инвестициялайды. Сонда шоттағы ақша көбейеді. Бұл дегеніміз 24 миллионға кем дегенде тағы 8 миллион теңге қосылады деген сөз. Осылайша оның шотында 30-32 миллион жиналады", - дейді Әлібаев.

Оның айтуынша, қазақстандықтардың басым бөлігінде шотында орташа есеппен алғанда 2-2,5 мың доллар, яғни 700-900 мың теңгеден миллион теңгеге дейін ақша бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети