03 мамыр 2014 20:01

4 мамыр күні Қазақстанның сегіз облысында найзағай ойнап жаңбыр жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

4 мамыр күні Қазақстанның сегіз облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Казгидромет" орталығына сілтеме жасап.


4 мамыр күні Қазақстанның сегіз облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Казгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жел күшейіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Осыған орай, аталған облыстарда дауылды ескерту жарияланды. Ал, Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашынсыз, ашық ауа-райы сақталады.

4 мамыр күні Астанада қысқа мерзімді жауын жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда ауа райы бұлтты болады, жаңбыр жаумайды. Ауа температурасы күндіз 30 градус жылылықты көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети