Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

4 мыңнан астам жұмыс беруші міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасын аударды

13 Қаңтар 2015, 18:43
0
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

2014 жылы 4 мыңнан астам жұмыс беруші зиянды және ерекше зиянды еңбек жағдайында қызмет ететін 342 966 адамға 23 миллиард 273,6 миллион теңге көлемінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ай сайын әрбір қызметшіге орта есеппен 6 169 теңге аударылған.
 
Айта кетейік, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде зиянды және ерекше зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жұмыс берушілердің есебінен міндетті 5 пайыздық кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілген болатын. Ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы қарастырылған зиянды және ерекше зиянды өндірістер мен қызметтер тізбесі 2013 жылы 31 желтоқсанда Үкімет қаулысымен бекітілді.
 
Еске сала кетейік, бұған дейін сәбилі болуына байланысты демалысқа шыққан әйелдер үшін мемлекеттен 4 миллиард теңгеден астам зейнетақы жарнасының төленгені хабарланған болатын. 2014 жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметке қарағанда, 101 024 ананың жеке зейнетақы есепшотына 4,06 миллиард теңге аударылған. Республикалық қазына қаржысы сәбилі болуына байланысты демалысқа шыққан жұмысшы әйелдердің міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялау түрінде төленді.

 

 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай