06 сәуір 2016 15:22

400-ден аса ағашты заңсыз кесіп тастағаны үшін "Көктөбе саябағына" айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы © Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Таудағы 400-ден аса ағашты кесіп тастағаны үшін "Көктөбе саябағына" айыппұл салынды. Сонымен қатар, әкімшіліктің ағаштарды кесуге рұқсат алмағаны да белгілі болды. Бұл туралы Алматы қаласы Табиғи ресурстар басқармасы жетекшісінің орынбасары Мұрат Батырбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін ағаштардың тауды сақтау мақсатында кесілгені хабарланған болатын.


Таудағы 400-ден аса ағашты кесіп тастағаны үшін "Көктөбе саябағына" айыппұл салынды. Сонымен қатар, әкімшіліктің ағаштарды кесуге рұқсат алмағаны да белгілі болды. Бұл туралы Алматы қаласы Табиғи ресурстар басқармасы жетекшісінің орынбасары Мұрат Батырбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін ағаштардың тауды сақтау мақсатында кесілгені хабарланған болатын.

"Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына "Көктөбе" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен ағаштарды кесуге келісім алу туралы өтініш түскен жоқ және басқарма ағаштарды кесуге рұқсат бермеді. Жас көшеттерді қорғау және сақтау ережелерін бұзғаны үшін "Көктөбе саябағына" 150 АЕК көлемінде (318 150 теңге) айыппұл салынды. Саябақ директоры Нұрлан Қазиев кесілген 415 ағашты он есе көбейтіп, яғни 4150 дана жас көшет отырғызуға уәде берді. 2016 жылдың наурызынан бастап көшеттерді қайта отырғызу жұмыстары басталды. 30 наурызға дейін 1586 ағаш отырғызылды, жұмысты басқарма бақылауға алды", - деді Батырбаев. 

Еске сала кетейік, Алматы тұрғыны Көктөбеде 2013-2015 жыл аралығында кесілген ағаштарды санаған болатын. Yvision.kz блог-платформасында жарияланған Google Earth мәліметтеріне сүйенсек, 2013 жылдан бері Көктөбеде 1,7 гектар көшет кесілген.


© Kosstinn/yvision.kz

Айта кетейік, "Зеленое спасение" экологиялық қоғамы ағаштарды кесу заңдылығына қатысты мәселеге қызығушылық танытты.

"Біз қанша ағаштың кесілгенін білгіміз келеді. Бұл іс әкімдікпен келісіп жүргізілді ме? Осындай маңызды әрекетке бармас бұрын қоғамның пікірі тыңдалды ма? Кеше, 5 сәуірде біз әкімдіктен жауап алдық. Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хатында (№ 1-03.зт-к-249 от 31.03.2016) әкімшіліктің ағаштарды заңсыз кескені, басқарманың ағаштарды кесуге рұқсат бермегені айтылады! Сонымен қатар, жобаның экологиялық сараптамасы жөнінде және ол туралы қоғамның пікірі жөніндегі мәселе ашық күйінде қалып отыр. Басқарма бұл жөнінде бізге ақпарат бермеді", - деді "Зеленое спасение" экологиялық қоғамының менеджері Светлана Спатарь.

"Дегенмен, екінші хатта мұның ағаштарды қайта отырғызу болғаны айтылады. Онда бізге ағаштардың қайда отырғызылғанын көрсетсін. Мен онда қайта отырғызылған бірде-бір ағаш көргем жоқ. Онымен қоса, басқарма бұған дейін ағаштардың кесілгенін растаған болатын", - деді Спатарь.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети