22 шілде 2020 14:44

42500: ең жиі қойылатын сұрақтардың жауабы Aitu платформасында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Aitu платформасында 42 500 мәселелері бойынша кеңес алуға болатын тегін сервис ашылды. Мейлінше жиі қойылатын сұрақтардың жауабын келтіреміз.


Aitu платформасында 42 500 мәселелері бойынша кеңес алуға болатын тегін сервис ашылды. Мейлінше жиі қойылатын сұрақтардың жауабын келтіреміз.

17 шілдеде Қазақстанда 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемді алуға өтінім қабылдау басталды. Ақша алғашқы карантин кезіндегідей тәртіппен төленеді. Жәрдемақы алуға шілдедегі карантин кезінде табысынан айырылған және жәрдемақының автоматты түрде тағайындалуы жөнінде SMS алмаған азаматтар үміткер бола алады.

Төменде жәрдемақы алуға байланысты ең жиі қойылатын сұрақтардың жауаптары келтірілген. Сұрақтарға Aitu платформасында жұмыс істейтін Suraqtar сервисі арқылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілдері жауап берді.

42 500-ді алуға кімдер үміткер бола алады?

Егер кейбір кәсіпорындар қызметінің тоқтатылуына байланысты табысыңыздан айырылған болсаңыз, жәрдемақыға үміткер бола аласыз:

● Жалақы сақталмайтын еңбек демалысында болсаңыз. Келесілерді қоспағанда: екінші деңгейлі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның (және онымен үлестес заңды тұлғаның, мемлекеттік компаниялардың (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардан басқа), сонымен қатар акциялары мен жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің жүз проценті мемлекетке тиесілі компаниялардың қызметкерлері;

● Жеке кәсіпкер (ЖК) болсаңыз;

● Жеке практикамен айналысатын тұлға болсаңыз;

● Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) бойынша табыс табатын болсаңыз;

● Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлейтін болсаңыз.

42 500 алуға өтінімді қай жерден жіберуге болады?

Жәрдемақы алуға берілетін өтінімді электрондық үкіметтің Egov сайтынан, 42500.enbek.kz сервисінен және телеграм-боттардан жіберуге болады. Сондай-ақ, ақшаны Aitu платформасы арқылы да ала аласыз. Оны Play Market-тен немесе App Store-дан жүктеп алуға болады.

Маған жәрдемақыны автоматты түрде алу жөнінде SMS келді. Бұндай жағдайда не істеу керек?

Бұл 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік көмекті автоматты түрде алатын адамдардың тізіміне енгеніңізді білдіреді. Кейбір жағдайларда 1414 нөмірінен келген SMS арқылы банк шотының iban-нөмірін сұратуы мүмкін.

Декреттік демалыстағы немесе жүкті әйелдер 42 500-ге үміткер бола ала ма?

Егер 1 жылға дейін жалақы сақталмайтын декреттік демалыста болсаңыз, онда 42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақыны ала алмайсыз. Егер жалдамалы жұмыскер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтушы болып, БЖТ төлесеңіз (тым болмаса бір рет), онда әлеуметтік төлем алуға өтінім беруіңізге болады.

Мен студентпін. 42 500 ала аламын ба?

Егер шілде айындағы карантинге байланысты шектеулер салдарынан табысыңыздан айырылған болсаңыз және жалақы сақталмайтын еңбек демалысындағы жалдамалы жұмыскер, жеке кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтушы санаттарының біріне жататын және БЖТ төлейтін болсаңыз, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) бойынша табыс табатын немесе жеке практикамен айналысатын тұлға болсаңыз, бірреттік төлем алуға өтінім бере аласыз.

Менің 42 500 алуға қатысты сұрағым бар. Кім көмектесе алады? 

Қазақстандықтардың 42 500-ге қатысты сұрақтарына жауап беру үшін, Aitu платформасында Suraqtar сервисі іске қосылды. Оның арқасында кез келген адам Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілдерінің кеңесін ала алады. Сервиске тіркелу небәрі 2 минут уақытыңызды алады. Ол үшін Play Market-тен немесе App Store -дан Aitu-ды жүктеп, "Қолданбалар" салымына кіріп, Suraqtar немесе "42 500 теңге бойынша сұрақ қою" бөлімдерін таңдаңыз. Одан соң "Сұрақ қою" түймешігін басып, білгіңіз келген жайттардың барлығын жазуыңызға болады. Сол жерден жиі кездесетін сұрақтардың жауабын да көре аласыз

42 500 алуға берілген өтінім қаншалықты жылдам қарастырылады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің айтуынша, өтінім үш жұмыс күні ішінде қарастырылады. Егер осы уақыт ішінде жауап алмасаңыз, алаңдаудың қажеті жоқ. Өтініміңіз қаралады, ал шешімін SMS-хабарлама арқылы білесіз.

Өз сұрағыңызға жауап таппадыңыз ба? 42 500 мәселелері бойынша Aitu платформасы арқылы тегін кеңес алыңыз. Ол үшін оны Android-қа немесе iPhone-ға жүктеңіз.

Материал BTS Digital қолдауымен дайындалды
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети