43 градус аптап, бұршақ. Төрт облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

05 Тамыз, 15:22
0
43 градус аптап, бұршақ. Төрт облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Төрт облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мамандарының айтуына қарағанда, 6 тамызда күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауыл болады. Күндіз 42°С қатты ыстық болады. 

Ал осы күні Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады екен. 

"6-7 тамызда күндіз кей жерлерде 41-43 градус қатты ыстық күтіледі. Түркістан қаласында 6-7 тамызда күндіз 41-43 градус қатты ыстық күтіледі", - делінген ескертуде. 

Сондай-ақ, 6 тамызда Қостанай облысында кей жерлеріңде найзағай, оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауады, күші 15-20 м/с болады. Күндіз кей жерлерінде бұршақ жауады.

Қостанай қаласында күндіз 6 тамызда оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 18 м/с болады.

Ескерту жарияланған төртінші аймақ - Солтүстік Қазақстан облысы. Бұл өңірдің кей жерлерінде күндіз 6 тамызда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

"Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі", - дейді синоптиктер.

Тамыз айында ауа райы қандай болады?


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай