Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

50-ге жуық қазақстандық турист Израильден ұша алмай отыр

25 Шілде 2014, 11:40
0
Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайы. ©REUTERS
Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайы. ©REUTERS

Қазақстанның 50-ге жуық турисі әлі күнге дейін Израильден Түркияға ұша алмай отыр, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов айтты. Оның мәліметінше, Израильге барған қазақстандық тағы 23 азамат Түркияға ұшып келді. 

"Алғашқы 23 азаматымыз Грекия арқылы кері қарай Түркияға ұшып келді. Қазақстанның консулы әуежайда жүр, қалған отандастарымызды қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Тағы қанша адамның қалғанын айту қиын, ақпараттар әртүрлі. 40-тан 50-ге дейін болуы мүмкін. Азаматтарымызды қайтару үшін бар күш салынып жатыр", - деді Айтмаханов.

Оның айтуынша, бұл жайт туралы әлеуметтік желіде ең бірінші болып хабарлаған қазақстандық Диана Назарова әлі Түркияға ұшып кете қоймаған. Қыздың өзі Instagram-да 24 шілде күні Анталияға ұшатын барлық рейстің кейінге қалдырылғанын жазды.

Еске сала кетейік, Тель-Авив әуежайы маңына палестиналық зымыранның құлауына байланысты Түркиядан келген бірнеше қазақстандық Израильде қалып қойған еді. Израиль Газа секторында 7 шілдеден бері әскери операция жүргізіп жатыр. Оның мақсаты - анклавта билік етуші ХАМАС қозғалысы мен басқа да содырлар топтарының әлеуетін жойып, палестиналық зымырандардың атқылауын тоқтату.

Соған байланысты барлық әуе қатынасы тоқтатылды. ҚР Сыртқы істер министрлігі сол кезде Израильде қалып қойған Диана Назаровамен байланысқа шықты. Елшіліктің мәліметінше, 23 шілде күні жергілікті уақыт 21.00-де Тель-Авив әуежайынан түрік әуе компаниясының рейсі жоспарланған болатын. Бірақ кейін бұл рейстің 20 сағатқа кешіктірілетіні хабарланды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай