09 шілде 2018 09:58

52 адам тірідей жанып кеткен автобус: Іс сотқа жолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокуратура өкілдері Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Өзбекстанның 52 азаматы қаза болған автобустың өртеніп кету дерегі бойынша қозғалған істі сотқа жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Прокуратура өкілдері Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Өзбекстанның 52 азаматы қаза болған автобустың өртеніп кету дерегі бойынша қозғалған істі сотқа жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, 5 адам айыпталушы деп танылды. Оның 3-еуі автобус жүргізушісі және "Азия транзит сервис" ЖШС-нің 2 қызметкері - құрылтайшы мен серіктестіктің механигі. Аталғандардың міндеті - рейске шығар алдында автобусты тексеру.

"Компания құрылтайшысының әрекеті коммерциялық ұйымдарда міндеттеріне адал қарамау (ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы), екі және одан көп адамның қаза болуына әкеп соққан жарамсыз автокөлік құралын пайдалануға енгізу, сондай-ақ ресми құжатты қолдан жасау, көрінеу жалған құжатты пайдалану (ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1 және 3-бөліктері) ретінде сараланды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері.

Механиктің әрекеті екі және одан көп адамның қаза болуына әкеп соққан жарамсыз автокөлік құралын пайдалануға шығару (ҚР Қылмыстық кодексінің 348-бабының 4-бөлігі) ретінде, ал автобус жүргізушілерінің әрекеті екі және одан көп адамның қаза болуына әкеп соққан көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу (ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі) және екі және одан көп адамның абайсызда қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу (ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі) ретінде сараланды.

Сот автобус жүргізушілеріне қамауда күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау, серіктестіктің басшысы мен механикке қатысты кепіл түрінде бұлтартпау шарасын таңдады.

Cондай-ақ, прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус иесіне күзетпен қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы тағайындала отырып, халықаралық іздестіруге жарияланды.

Еске салайық, биыл қаңтар айында Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуретер жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети