23 сәуір 2014 18:49

7 мамырда Астана алаңының үстінен 70-тен аса ұшақ пен тікұшақ ұшып өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласында 7 мамырда өтетін әскери парадқа даярлық аясында ҚР Әскери әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтары Астана және Қарағанды авиабазаларына көшірілді. ©mod.gov.kz Астана қаласында 7 мамырда өтетін әскери парадқа даярлық аясында ҚР Әскери әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтары Астана және Қарағанды авиабазаларына көшірілді. ©mod.gov.kz

7 мамырда өтетін әскери парадқа даярлық аясында Қазақстанның Әскери әуе күштері ұшу жаттығуларын ұйымдастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


7 мамырда өтетін әскери парадқа даярлық аясында Қазақстанның Әскери әуе күштері ұшу жаттығуларын ұйымдастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шерулік саптың жалпы ұшу ретімен майдан, армия авиациясының және әскери-көлік авиацияcының топтары өтеді. Астанада "Қазақ елі" алаңының үстімен Қазақстан Әскери әуе күштерінің 70-тен астам авиациялық техника бірлігі ұшып өтеді.

ҚР Әскери әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтары Астана және Қарағанды авиабазаларына көшірілген. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, авиация техникасын көшіру Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетовтің басшылығымен жүзеге асырылған. Мұнда ұшу құрамы жаттығу ұшуларының элементтерін пысықтайтын болады. Кәсіби шеберлік, тәртіп пен бірлесе жұмыс істей білу мәселелеріне айрықша назар аударылады.

"Қазіргі уақытта біз жұп болып және топтық құрамда ұшуды пысықтау үстіндеміз. Біздің ұшқыштар жоғары деңгейде даярланған, олар өз шеберліктерін ұдайы жетілдіріп, шыңдап отырады. Олар мемлекеттік маңызы бар міндетті үздік атқарып шығады деп санаймын", - деп түсініктеме берді Н.Орманбетов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети