18 сәуір 2014 21:13

7 мамырдағы әскери парадқа қазақстандық техникалар тартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әскери парад. Фото: ҚР ҚМ баспасөз қызметінен Әскери парад. Фото: ҚР ҚМ баспасөз қызметінен

7 мамырдағы әскери парадқа қазақстандық техникалар тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Астана қаласындағы "Қазақ елі" алаңында өтетін әскери парадқа дайындық жүргізілді.


7 мамырдағы әскери парадқа қазақстандық техникалар тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Астана қаласындағы "Қазақ елі" алаңында өтетін әскери парадқа дайындық жүргізілді.

"7 мамыр күні "Қазақ елі" алаңы арқылы жүріп өтетін техниканың бәрі Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді кәсіпорындарында жетілдірілген немесе шығарылған", - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Әскери парадқа 2,5 мыңнан астам сарбаздар мен офицерлер, 300-ге жуық техника және қару-жарақ бірліктері тартылады.

Биыл мерекелік парадты ұйымдастырушылар Қазақстан армиясының жаңа және заманауи үлгідегі қару-жарақтары мен әскери техникаларына басымдық беруде.

Лагерлік жиынның штаб бастығы, полковник Қасымсейіт Өмірбековтің айтуынша, парадқа қатысу және жаттығу үшін еліміздің барлық әскери бөлімдері мен гарнизондарынан таңдаулы әскери қызметкерлер іріктелініп алынған. Әскери қызметкер әйелдер мен қыздар үшін арнайы іріктеу жүргізілген.

Бұған дейін Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Респубикалық гвардияның парадтық бөлімдері, сондай-ақ әскери техникалар мен авиация қатысады деп мәлімденген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети