Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

80 мың қазақстандық салафиттік идеология мазмұнындағы сайттарды оқиды

10 Маусым 2016, 15:48
0
© mygazeta.com
© mygazeta.com

80 мың қазақстандық салафиттік идеология мазмұнындағы сайттард оқиды, олардың 15  мыңы астаналықтар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы Айдар Әбуовке сілтеме жасап.

"Біз кеше ғана қалалық дін істері басқармасында қалалық дінтану орталығының мәліметтеріне сүйеніп, семинар өткіздік. Бүгінде біздің жастар, тек жастар емес - 80 мың азамат салафиттік мазмұндағы сайттарды оқиды. Олардың 15 мыңы Астана қаласының тұрғыны екен. Бұл мәліметтер Дін істері мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғана емес, бәріміздің жұмылып, әрекет етуіміз керектігін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары мен БАҚ та жұмылдырылуы тиіс", - деді Әбуов "Эксперт" клубының отырысында.

Мәдениет және спорт министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин бұл мәліметтерге пікір білдіруді жөн көрді.

"Ол сайттарды 80 мың адам оқыса да, бұл олардың сол ағымның өкілдері екенін білдірмейді. Жастардың көбі бұл ағым туралы білмейді, мүмкін олар бұл сайттарды оқып қана қоятын шығар. Бұл сандарды айтқанда абай болу керек", - деді Шойкин.

Оның айтуынша, 2015 жылдан бастап бүгінге дейін діни мазмұндағы 22 237 ақпаратқа тыйым салынды. Олардың 1205-іне соттың шешімімен тыйым салынды. Ал интернет-ресурстағы қалған ақпараттарды меншік иелерінің өздері өшірді.

Осыған дейін 15 мың қазақстандықтың салафизм идеологиясын жақтайтыны туралы айтылған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай