21 ақпан 2017 12:17

9 миллион теңге ұрлаған азамат Түркиядан Қазақстанға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қарақшылық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Түркияға қашып кеткен Қазақстан азаматы елге қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ұсталған азамат 2012 жылы бір топ адаммен қарақшылық шабуыл жасап, 415 290 теңге көлеміндегі өзгенің ақшасын иемденгені үшін айыпталып отыр. "Сонымен қатар, осы тұлға 9 миллион теңгеден артық ақшалай қаражатын ұрлап, жасырынған", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Қостанай облысының Ішкі істер министрлігімен іздеу жарияланғаннан кейін ол 2013 жылы Түркия аумағында ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Түрік тарапымен Қазақстан Бас прокуратурасының ұстап беру туралы сұрау салуы қанағаттандырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети