12 шілде 2016 09:27

900-ден аса отбасы ОҚО-дан Солтүстік Қазақстанға қоныс аударуға дайын - кәсіпкер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл. СҚО. © kazakhstan.travel Петропавл. СҚО. © kazakhstan.travel

Еңбек күші тым көп оңтүстік өңірдің тұрғындары еліміздің солтүстік аймақтарына қоныс аудару бағдарламасына қызығушылық танытып отыр. Мұндай мәлімдемені Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне қатысты өткен кеңес барысында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Ақселеу" ЖШС директоры Серік Малаев жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.

"Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек күші жетіспейтін аудандарында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдіктерінің және кәсіпорындарының өкілдерімен кездесулер өткізілуде. Соңғы рет мұндай кездесуге оңтүстік Қазақстанның еңбек күші мол аудандарынан үш мыңнан астам тұрғын қатысты. Халықтың қоныс аударуға деген қызығушылығы зор", - деп атап өтті ол.

Малаевтың айтуынша, 900 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген жағдайда солтүстік өңірге қоныс аударуға тілек білдірген. Бұған дейін 79 отбасы СҚО-ға қоныс аударып, тұрғын үймен және жұмыспен қамтылған. 

Өз кезегінде ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов азаматтардың еңбек күші жетіспейтін аймақтарға қоныс аударуы - еліміз үшін маңызды үрдіс екенін атап өтті.

"Осыған байланысты бағдарламаның жүзеге асырылуы жалғасады. Аталған мәселе бойынша Үкіметтің жеке отырысы өтеді", - деп қорытындылады премьер-министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети