22 шілде 2016 15:59

95 жасқа толған Сұлтан Жиенбаевқа Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Айнаш Өндіріс © Айнаш Өндіріс

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоғам қайраткері Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаевқа Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарлықта Сұлтан Жиенбаевтың қоғамдық және этносаралық келiсiмдi орнықтыруға, Қазақстан халқының бiрлiгiн нығайтуға қосқан ерекше үлесi үшін марапатталғаны айтылады.

Айта кетейік, Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаев бүгін 95 жасқа толып отыр. Ол Ұлы Отан соғысының ардагері, партиялық және мемлекеттік қайраткер. Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет еткен (1970-1984).

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети