07 қаңтар 2018 13:41

Air Arabia рейсінің жолаушылары өзге ұшақтармен жеткізіледі - ААК

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация Иллюстрация

Air Arabia рейсінің жолаушылары басқа ұшақтармен ұшып шығатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.


Air Arabia рейсінің жолаушылары басқа ұшақтармен ұшып шығатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

ААК мәліметі бойынша, Air Arabia әуе компаниясының Астана-Шарджа бағытындағы рейсі 6 қаңтар күні сағат 04.55-те ұшып шығуы тиіс болған. Алайда техникалық себептерге (әуе кемесінің жүк салғыш бөлігінде есіктің тұтқасы қатып қалған) байланысты, ұшудағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында рейс 2018 жылдың 6 қаңтары күнгі сағат 20.10-ға ауыстырылды. Қонақүй қажет болған 50-ге жуық адам қонақүйлерге орналастырылып, тамақ пен сусын берілді.

"Сағат 18.00-ден бастап жолаушыларды қонақүйден әуежайға жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Жолаушыларды бортқа отырғызғаннан кейін, ұшыру алдында тексеріс жүргізіліп, қозғалтқыштардың бірінде техникалық ақаудың бар екені анықталды. Инженер мен сынып қалған жерді жөндеуге қажетті бөлшектерді Air Arabia G9-251 рейсі 8 қаңтарда сағат 03:55-те жеткізеді деп күтілуде", - деп хабарланды комитеттің Facebook желісіндегі парақшасында.

"Air Arabia әуе компаниясының хабарлауы бойынша, жолаушылардың бір бөлігі Шарджаға Air Arabia рейсі арқылы 8 қаңтарда сағат 05.00-де Алматыдан ұшып шығады (яғни, жолаушылар Алматыға қазақстандық әуе компаниялардың рейсімен Air Arabia есебінен ұшып келеді) және қалған жолаушылар Air Arabia әуе компаниясының рейсімен 8 қаңтарда сағат 04.55-те басқа ұшақпен ұшып шығады", - деді комитеттегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети