25 наурыз 2015 14:59

Airbus A320 апаты: Назарбаев қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына қажетті көмек көрсетуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Akorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев. ©Akorda.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Germanwings авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Germanwings авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта ұшақ апатынан қазақстандықтардың қаза тапқаны туралы хабарды Мемлекет басшысының күйзеле қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев олардың туған-туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан шын ниетпен көңіл айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету, марқұмдардың сүйегін анықтау және Отанына жеткізу жөнінде Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына тапсырма берді.

Еске сала кетейік, Germanwings әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A320 ұшағы 24 наурызда француздың Альп тауларының қол жеткізуге қиын аймағында апатқа ұшыраған еді. Нақтыланған деректер бойынша, 150 адам қаза тапты. 

Жолаушылардың арасында Қазақстан азаматтары болған. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Germanwings әуе компаниясының 24 наурызда Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшағында ҚР азаматы Иманғалиев Ербол Базаралыұлының (1965 жылы туылған), Исенғалиева Айжан Сарымқызының (1996 жылы туылған) және Иманғалиев Әділ Ерболұлының (1989 жылы туылған) өлімін растады. Тағы бір жолаушының азаматтығы анықталып жатыр. Сонымен қатар, Қазақстанда туған опералық әнші Олег Брыжактың да ұшақ бортында болғаны анықталған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети