Bek Air ұшағының жолаушысы апатты жағдайда қону кезінде бортта не болып жатқанын айтып берді

27 Наурыз 2016, 12:21
0
Bek Air ұшағының жолаушысы апатты жағдайда қону кезінде бортта не болып жатқанын айтып берді -

Bek Air ұшағының жолаушысы апатты жағдайда қону кезінде бортта не болып жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Әйелдің айтуынша, ұшақ қонардың алдында қаланы бірнеше рет айналып ұшып өткен. "Персонал апатты жағдайда қонатынымызды ескертті және мұндай жағдайда не істеу керегі жөнінде нұсқаулық берді. Жолаушылардың барлығы тыныш отырды, сабыр сақтады, сыйынды. Бортта шамамен 10 бала болды, тым кішкентай, кейбірі жасқа да толмаған, олар қатты жылады. Балалар қауіпті сезеді дейді ғой", - деді ол.

Жолаушының айтуынша, олар ұшақ экипажына дән риза, алдыңғы шассисіз ұшақты қондырған ұшақ командиріне де айтар алғыстары шексіз. Оның сөзіне қарағанда, олар экипаж атына алғыс хат жазбақшы. Алайда жолаушылар әуе компаниясының басышылығынан ақауы болса ұшақтың неліктен ұшып шыққанын анықтауды талап етпекші.

Сонымен қатар, әйелдің айтуынша, оқиғаның мән-жайын анықтап, жолаушылармен сөйлесу үшін инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов әуежайға келді, ол басқаратын ведомство Қазақстандағы авиация саласы үшін жауапты. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Bek Air әуе компаниясының Қызылордадан ұшып келген ұшағының Астана әуежайында апатты жағдайда қонғаны хабарланған болатын. Ұшақ алдыңғы шассисіз қонған. Оқиға сағат 10.30-да болды. Айта кетейік, апатты жағдайға байланысты әуежай жұмысын сағат 13.00-ге дейін тоқтатты. Сонымен қатар, Bek Air басшысы апатты жағдайда қонған ұшаққа қатысты түсінік берді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай