04 қараша 2014 20:36

Brent маркалы мұнай бағасы төрт жылдық межеге дейін төмен түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Brent маркалы мұнай бағасы төрт жылдық межеге  дейін төмен түсті. Investing.com порталы сарапшыларының байыптауынша, бір ғана мұнай бағамының осы түрі барреліне 82,09 долларды құрап отыр.


Brent маркалы мұнай бағасы төрт жылдық межеге  дейін төмен түсті. Investing.com порталы сарапшыларының байыптауынша, бір ғана мұнай бағамының осы түрі барреліне 82,09 долларды құрап отыр.

Лондон биржасының есебінше, Brent маркалы мұнайы бүгін екі долларға арзандаған. Айта кету керек, соңғы рет мұнай бағасы 2010 жылы 27 қазанда 81,85 доллар болды.

Нарықта қазір басқа мұнай бағамы да төмен түсті. Мәселен, WTI маркалы мұнай бағамы да соңғы екі жылмен салыстырғанда  80 долларға дейін арзандаған.

Сарапшылар, бұл үрдіс "2015 жылы да мұнай бағамының төмендеуіне апарып соқтыруы мүмкін" деп болжам жасап отыр. Сарапшы Goldman Sachs Джеффа Керридің ойынша, АҚШ-та мұнай өндіру көлемінің артуы мәселені осыған әкеп тіреуде.

АҚШ Brent және WTI маркалы мұнай өндіруді 2015 жылы да ұлғайтуды жоспарлауда. Бразилия мен Әзірбайжан да мұны жоспарлап отыр. Осыған орай сарапшы Goldman Sachs "2015 жылдың бірінші тоқсанында Brent маркалы мұнай бағамы барреліне 85 долларды, ал WTI мұнай сорты барреліне 75 долларды құрайды" деп болжайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети