Cаясаткерлер Назарбаевтың билікті қайта үлестіру мәселесіне қатысты пікір білдірді

15 Желтоқсан 2016, 16:59
0
Cаясаткерлер Назарбаевтың билікті қайта үлестіру мәселесіне қатысты пікір білдірді -

Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында Нұрсұлтан Назарбаев билікті қайта үлестіру мәселесін қарауды тапсырған болатын. Осыған байланысты қазақстандық саясаткерлер Мемлекет басшысының мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының тарихына көз жүгірте отырып, саясаткер Данияр Әшімбаев биліктің осыған күнге дейін де қайта үлестіріліп жүргенін айтып өтті. Данияр Әшімбаевтің айтуынша, Қазақстанда 1993 жылға дейін болған Конституцияда осы мәселе бойынша айына бірнеше рет өзгертулер енгізілген. Сондай-ақ, саясаткер түрлі министрліктердің, комитеттердің, агенттіктер мен ведомстволардың құрылып жатқанын айтты. 

"Қазірдің өзінде үкіметті қайта құруға қатысты мәселелер қарастырылып жатыр. Жақында Сыртқы істер және сауда министрлігін құру жайлы талқыланған болатын. Үкіметтегілердің кезекті бұл мәлімдемесі ерекше болып көрінген жоқ. Себебі біздің билікте ондай процестер үнемі жүріп жатады", - деп пікір білдірді Әшімбаев.

Сондай-ақ, саяасткер Президенттің биліктегілерді жұмыстан бірден қысқартпайтынын айтып өтті.

"Бұл - біздің саяси жүйеміздің ең осал жері. Біз Есеп комитетіндегілердің есептерінен ереже бұзушылықтардың жыл сайын көбейіп жатқанын, бірақ оларға қарсы ешқандай да шаралардың қолданылмай жатқанын айтты. Саяси жүйеміздегі ішкі бақылауды күшейту - ең басты тапсырмалардың бірі. Егер де нақты осы мәселемен айналысатын болсақ, жақсы болар еді", - деді саясаткер.

Өз кезегінде Эдуард Полетаев есімді саясаткер билікті қайта үлестіру мәселесінің осымен он жыл бойы талқыланып келе жатқанын айтып отыр. 

"Назарбаев еліміздегі президенттік басқару жүйесінің сақталатынын айтып өтті. Енді Парламентке немесе премьер-министрге қандай өкілеттіктің берілетінін қарастыру қажет. Ендігіде облыс пен қала әкімдерін Президент сайламауы да мүмкін. Сот пен судьяларға да қатысты өзгерістер болуы мүмкін", - деді саясаткер Эдуард Полетаев.

Сонымен қатар, ол конституциялық реформа тек 2017 жылдың екінші жартысынан бастап жүзеге асырылуы мүмкін деп болжап отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай