Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Cерік Ахметов бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталып отыр

19 Қараша 2014, 19:15
3
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Серік Ахметов аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағандының Қазыбек би ауданы сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошеваға сілтеме жасап

"Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының 2014 жылдың 18 қарашасындағы қаулысымен алдын ала тергеу органдары Қылмыстық кодекстің 176-бабының 4-бөлігі, б тармағында қарастырылатын ауыр жемқорлық қылмысын (жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамның бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыруы) жасады деп айыптаған Серік Ахметовке екі ай мерзімге - 2015 жылдың 18 қаңтарына, 23.00-ге дейін үй қамауына алу түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деді Жошева. 

Қаулы әлі заңдық күшіне ене қойған жоқ, оған үш күн ішінде шағым не қарсылық келтіруге болады. Жошева бұлтартпау шарасы ретінде не себепті үй қамауына алу таңдалғанын айтты.

"Мына деректер есепке алынды: Серік Ахметов бұрын сотталмаған, тұрғылықты мекенжайы бар, тұрғылықты мекенжайы бойынша оң мінездеме берілген, үйленген, сот оның денсаулығын да ескерді. Барлық жайтты талдай келе сот бұлтартпау шарасы ретінде үй қамауына алуды таңдау дұрыс болады деген тұжырымға келді. Ахметовті түгел оқшаулау қажеттілігі туған жоқ. Үй қамауына алу тұрғылықты мекенжайы бойынша іске асырылады, ол Қарағандыда тіркеуге отырған. Тергеу тобы жетекшісінің өзі прокуратураға үй қамауына алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялау жөнінде өтініш білдірді, яғни бұл - қылмыстық қудалау органдарының ұсынысы", - деді баспасөз хатшысы. 

Мұның алдында Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері тергеліп жатқан істердің шеңберінде 1958 жылы туған Ахметов Серік Нығметұлына айып тағылғанын және Қарағандының Қазыбек би ауданының соты оған үй қамауына алу бұлтартпау шарасын санкциялағанын хабарлаған болатын.  

 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай