EXPO-2017: АҚШ павильоны ресми түрде ашылды

10 Маусым 2017, 13:18
0
EXPO-2017: АҚШ павильоны ресми түрде ашылды -

Астанадағы EXPO көрмесінде АҚШ павильонының ресми түрде ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павильон көрмеге кіреберіс жерде орналасқан. Полицейлердің мұқият жүргізетін тексерісінен кейін қонақтар Америка туының элементтері көрінетін алаңға өтеді. 

Айта кетейік, көрме 1 100 шаршы метр аумақты алып жатыр және ол үш бөліктен тұрады: "Энергия кеңістігі", "Өмір энергиясы" және пост-шоу аймағы.

Сондай-ақ, сол жақта америкалық павильонның стендын байқауға болады.

АҚШ павильонының тематикасы - адамдар. Яғни, бұл адамдардың таусылмас энергиясы дегенді білдіреді. Көрме қонақтарын 40 америкалық студент қарсы алады. Олар қазақ және орыс тілдерін және қосымша 17 тілді біледі екен.

"Бұл павильон Америка Құрама Штаттарын таныстыруы тиіс болғандығына қарамастан, ол АҚШ пен Қазақстанның мықты 25 жылдан аса уақыт бойы құрған мықты серіктестік қарым-қатынасын көрсетеді. Павильон екі елдің бірге жеткен жетістіктері және біздің елдер арасындағы белсенді қарым-қатынастың символы", - деді Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол.

"Біз павильонымызды Қазақстанға және бүкіл әлемге таныстыруға дайынбыз. Американың таусылмас энергиясының көзі - адамдар. Қонақтарымыз студенттермен және біздің павильонның интерактив дисплейімен танысады деп сенеміз", - деді павильонның президенті Джошуа Уолкер.

 

Сондай-ақ, Астанадағы павильонның ашылу салтанатына "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов қатысты. Айта кетейік, АҚШ павильоны мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің есебінен қаржыландырылды.

Кеше Мемлекет басшысы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ашқан болатын. Елбасының айтуынша, көрмеге әлемнің 115 мемлекеті, 22 халықаралық ұйымы қатысады. "Мен олардың барлығына халқымыздың атынан ризашылығымды білдіріп, сәттілік тілеймін", - деп алғыс білдірген еді ҚР Президенті. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай