EXPO-2017 аумағында қираған көпір бір ай ішінде қалпына келтіріледі

16 Қараша 2016, 19:11
0
EXPO-2017 аумағында қираған көпір бір ай ішінде қалпына келтіріледі -

EXPO-2017 аумағында опырылған құрылыс бөліктерінің шығынын кімнің өтейтіні тергеу аяқталғаннан кейін анықталады, ал оған дейін мердігерлер декоратив көпірді бір ай ішінде қалпына келтіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, себебі жұмыстар жоба бойынша жасалған, ал барлық жобаны бізге "Астана EXPO-2017" ұлттық компаниясы береді, біз жобалаумен айналыспаймыз. Құрастырманың негізгі бөліктері бүлінбеген, тек декоратив көпір, блоктарда мұндай бірнеше көпір бар, олардың құрылымы бір-бірінен өзгеше. Опырылған көпір ең үлкені еді - шамамен 96 метр, салмағы 240 тонна. Бір ай ішінде, мүмкін аз да болып қалар, барлығы қалпына келтіріледі", - деді "Астана EXPO-2017" жоба жетекшісінің орынбасары Алмас Шүкенов. Айтуынша, құрастырманы салуға екі айдай уақыт кеткен.

Сонымен қатар, ол декоратив көпірдің элементтері елімізде және шетелде өндірілген металл мен шишадан жасалғанын айтты.

Еске салайық, осыған дейін Астанадағы EXPO-2017 аумағында құрылыс бөлігінің опырылғаны хабарланған болатын. Бұл бүгін, 16 қарашада бірнеше сағат бұрын болып отырған жағдай Ал кейінірек онда болған төтенше жағдайдан бір жұмысшының ауруханаға түскені айтылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай