Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

EXPO-2017 көрмесі билеттерінің орташа құны анықталды

23 Қазан 2014, 14:01
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

EXPO-2017 көрмесі билеттерінің орташа құны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевке сілтеме жасап.

"Тіркеу құжаттамасында билеттің орташа құны көрсетілген, шартты түрде 28 евро және одан жоғары. Мұның бәрі EXPO-ның қандай табыс әкелетініне байланысты. Мен бұрын айтқанмын - біз 283 миллион евро түсіреміз деп отырмыз. Яғни соған байланысты градация болады: егер билет үш ай ерте сатылып кетсе, өз бағасында болады, егер кейінірек сатылса, басқаша болады. Аз қамтылған отбасылар үшін өтемақылар ойластырылған, әзірше оның мөлшері белгісіз", - деді Ермегияев "Болашақ энергиясы" форумы кезінде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында. 

Ол Астананың қонақүй қорымен байланысты мәселе жөнінде де жауап берді. "Астананың қонақүй қоры бар. Қатысушылар үшін біз инвестициялық қаражат есебінен қонақүйлер саламыз, ол - EXPO-учаскедегі бесжұлдызды отель. Қонақүйлер бойынша бізде арнайы департамент жұмыс істейді. Егер отельдер бағаны көтерсе, онда ешкім тұрмайтын болады. Қазір біз туристер келуі тиіс барлық қонақүймен меморандум бекіткіміз келеді. Олар қазіргі бағаны ұсынып қана қоймай, жеңілдікте те жасайтын болады деп ойлаймын. EXPO-учаскеде көрме қатысушыларына баспана ретінде қолданылатын 1300 пәтер де тұрғызып жатырмыз", - деді ол.

Ұлттық компания жетекшісі демеушілермен жұмыс келер жылы басталатынын айтты. "Біз демеушілер жөнінде жұмыс істеп жатырмыз, қандай демеушіге не ұсына алатынымыздың бағдарламасын жасаймыз. Негізгі жұмыс келер жылы басталатын болады", - деді ол.

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев дипломатиялық арналар бойынша 142-ден астам елге EXPO-2017 көрмесіне шақыру жіберілгенін айтты.

"Қазір бұл елдердің көрмеге қатысуы туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мен көрме комиссары ретінде EXPO-ға қатысу жөнінде келісімшарттар бекіту және шақыру тарату үшін сапарларды бастадым. 10-ға жуық ел өздерінің қатысатынын растады. Келер жылы көп мейман шақырылады деп отырмыз. EXPO-2017 көрмесі халықаралық қатысушыларының жиыны аясында Қазақстанға 86 елден 200-ден астам қатысушы келді. Келер жылы біз 80-нен астам елге барып, олардан көрмеге қатысу туралы мақұлдаулар аламыз. 2016 жылы біз 30-35-ке жуық елге барып, көрмеге шақыру тапсырамыз", - деді Жошыбаев.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай