EXPO-2017 көрмесіне байланысты Астанадағы ЖОО студенттерінің оқуы кешірек басталады

23 Қаңтар 2017, 16:17
0
EXPO-2017 көрмесіне байланысты Астанадағы ЖОО студенттерінің оқуы кешірек басталады -

Астанада EXPO-2017 көрмесінің өтуіне байланысты ЖОО үшін 2017-2018 оқу жылы 10 қыркүйекте басталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында айтылады.

EXPO-2017 көрмесін өткізу кезінде елордадағы көлік қозғалысын жеңілдету үшін жоғары оқу орындарындағы 2016-2017 оқу жылының соңы мен 2017-2018 оқу жылына өзгертулер енгізу мәселесі қарастырылды. 

"Жоғары оқу орындарындағы ғылыми кеңестердің шешімімен 2016-2017 оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Ал 2017-2018 оқу жылы 10 қыркүйекте басталады деп жоспарланды. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы академиялық күнтізбелерге өзгертулер енгізді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Cонымен қатар, ҚР БҒМ өкілдері ҚР "Білім туралы" заңына сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰБТ жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсырылатын іріктеу емтихандарының бір формасы болатынын айтып өтті. Осыған байланысты 2017 жылдың түлектері ҰБТ-ны екі кезең бойынша тапсырады: қорытынды аттестация, яғни, мектептегі қорытынды емтихан, ал екінші кезең - ҰБТ. ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы болып саналады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ҰБТ тапсыру туралы өтініш 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында қабылданады. Айта кетейік, биыл ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында, ал кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

Еске сала кетейік, EXPO-2017 көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай