Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

EXPO-2017 көрмесіне қатысатын жобалар іріктеледі

13 Қазан 2016, 21:42
0

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атынан "Мұнай және газ, ақпараттық-талдау орталығы" АҚ #NEWENERGY global startup fest атты жаңартылатын және баламалы энергетика саласында стартап-жобалардың халықаралық байқауын өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

NEWENERGY global startup fest - Қазақстан үшін, сондай-ақ, әлемдік маңызды іс-шаралардың бірі, себебі төменде берілген шраларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Силиконды алқап, Тель-Авив университеті, ВР энергетикалық компаниясы, үлкен шетелдік бизнес-акселераторлардың өкілдері құрамына кіретін #NEWENERGY global startup fest байқауының халықаралық төрешілері а.ж. 27 қазанында негізгі кезеңде өздерінің өнертабыстарын көрсетіп және Астана ЭКСПО-2017-ге қатысуға мүмкіндік алу үшін күресетін баламалы энергетика және "жасыл экономика" салаларында ҮЗДІК 100 әлемдік стартаптарды таңдап алды.

Тәуелсіздік сарайында іс-шара өтетін күні байқаудың қатысушы-компанияларының ғана емес, сонымен қатар үлкен компаниялардың стенділерімен және көрсету алаңдарымен масштабты экспо-шоу ұйымдастырылады.

Таңдаулы жүздікке әлемнің 36 елінен стартаптар еніп отыр, соның ішінде Қазақстанның және т.б. (АҚШ, Норвегия, Ұлыбритания, Дания, Израиль, Германия, Франция, Австрия, Нидерланды, Түркия, Финляндия, Үндістан, Молдова, Португалия, Австралия, Ирландия, Болгария, Малайзия, Эстония, Ресей, Пәкістан, Швейцария, Латвия, Қытай, Италия, Иордания, Мысыр, Польша, Украина, Грекия, Сингапур, Әзербайжан, Сербия, Испания және Исландия). Қатысушы-компаниялардың арасында дамудың түрлі сатысындағы стартаптар бар.

Мысалға, АҚШ-тың қатысушылары SkyTran - NASA-мен ортақ зерттемелер жүргізіп жүр, ал Bohr Industries Pty Ltd австралиялық стартабы 6 айдың ішінде компания өз өнертабысын сата бастағанда тұрмыстық жағдайда қолдануға болатын қуаттылығы 1000 Ватт құрайтын жел турбинасын жасап шығарған.

Байқауға дайындық басталғаннан бастап бес құрлықтан және 50 елден 780 аса стартап-компаниялар қатысуға өтінімдер ұсынды - Исландия мен Ресейден Оңтүстік Африкаға дейін, АҚШ-тан Индонезия және Австралияға дейін. Өтінімдердің жартысынан аса жаңартылатын және балама энергия көздері саласында жобалар жүзеге асыратын компаниялардан келіп түсті (52%), сондай-ақ келесі категориялардан: ақылды қалалар және тұрақты инфрақұрылым (18%), энергия және экология (8%), жаңа энергия көздері (6%), су қорларын тиімді пайдалану (6%) және т.б.

Жоба бірыңғай демеушілердің қаражаттарымен жүзеге асырылады. ERG S.a.r.l. и Jupiter Energy компаниялары бас демеушілер болып табылады. Құрметті қонақтардың арасында мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары қатысуы күтілуде: ҚР Энергетика министрі, Астана қ. әкімі, ҚР Инвестициялар және даму министрі, "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның басқарма төрағасы.

#NEWENERGY global startup fest мыңнан аса қатысушы келеді деп күтілуде: бизнесті қолдаушылар, жетекші энергетикалық компаниялар, баламалы энергетика саласындағы сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері және еліміздің жетекші бизнесмендері.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай