Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

EXPO-2017 көрмесінен кейін нысандарды пайдалануға беруге 300 миллион доллар қажет

25 Сәуір 2014, 19:03
0
Фото ©Тұрар Қазанғапов
Фото ©Тұрар Қазанғапов

Салынған нысандарды EXPO-2017 көрмесінен кейін пайдалануға беру үшін 300 миллион доллар қаражат кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Салынған нысандар көрмеден кейін 100 пайыз қажеттілікке жұмыс істеп тұруы үшін аталған нысандарды қайта пайдалануға беруге 300 млн доллардай қаржы саламыз", -  дейді "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының басшысы Талғат Ермегияев.

Ермегияев әзірге көрмеден соң  нысандарды пайдалануға беру ісі жоба күйінше қарастырылып қойғанын жеткізді.

Бұған қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, бүгін Талғат Ермегиявқа арнайы тапсырмалар берді.

Елбасы осыған орай: мұндай халықаралық көрме ұйымдастыруда 2000 жылы Ганновер қаласының шығынға ұшырағанын, көрмеге келушілер 40 миллионды құрайды деп есептеген олардың келушілері 18 миллионнан аспағанын, олардың 1,5 млн евроға шығын көргенін, сондай-ақ Лондон Олимпиадасы кезінде салынған нысандардың да қазірде пайдалануға берілмей тұрғанын,  2008 жылы Испанияда өткен халықаралық көрмедегі нысандар да қазірде қолданылмай тұрғанын айтып, "Біз бұл елдерден сабақ алуымыз керек. Салынған нысандар EXPO-2017 көрмесінен кейін халықтың игілігіне жұмыс істеуі қажет" дегенді баса айтты.  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай