21 мамыр 2014 17:32

EXPO-2017 көрмесінің бойтұмарына арналған конкурс басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ortcom.kz ©ortcom.kz

Қазақстанда EXPO-2017 халықаралық көрмесінің бойтұмарын анықтауға арналған конкурс жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстанда EXPO-2017 халықаралық көрмесінің бойтұмарын анықтауға арналған конкурс жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Компанияның хабарлауынша, көрменің маскоты, яғни бойтұмары кез келген жанды және жансыз кейіпкер бола алады. Басты талап - "Болашақ энергиясы" тақырыбына сай болу. Сондай-ақ оның бойында қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі көрініс тапқан жөн. Көрме бойтұмарына қатысты барлық жұмыстарды mascot@expo2017astana.kz электронды мекенжайына жіберуге болады.  Қабылдау науқаны бір ай - 20 мамыр мен 20 маусым аралығында жүргізіледі. Соның ішінен жеті үздік жоба іріктеледі. Ал жеңімпаз дауыс беру арқылы анықталады.

Осы орайда айта кеткен жөн, бүгін елордада басталған VII Астана экономикалық форумында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы Талғат Ермегияев шілде айында "EXPO-2017" туының Қазақстанға ресми түрде табысталатынын жеткізді. Оған дейін арнайы тіркеу құжаттары қабылдануы шарт.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети