Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

EXPO-2017 көрмесінің жеті нышаны халықтық дауысқа салынады

04 Тамыз 2014, 15:46
0
©tengrinews.kz
©tengrinews.kz

Қазақстанда EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің нышанына дауыс беру басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" АҚ маркетинг және жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментіне сілтеме жасап. Дауыс беру тамыздың 18-іне дейін жалғасады.

Көрменің үздік маскот дизайны бойынша халықаралық байқаудың іріктеу кезеңдері мамыр мен маусы айлары аралығында өткен болатын. Ұсынылған 80-нен астам жобаның арасында Бразилия, Мексика, Венесуэла, Португалия, АҚШ, Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Испания секілді мемлекеттер дизайнерлерінің үлгілері бар. Талап бойынша, жоба "Болашақ энергиясы" тақырыбына сәйкес келуі тиіс. Нышан үлгісінде қазақ елі мәдениетінің ерекшеліктері де ескерілуі керек.

Қазір бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша байқау комиссиясы жеті қатысушының жұмысын іріктеп алып отыр. Олардың қатарында Қазақстан мен Украинаның жарнама агенттіктері мен жеке дизайнерлері жолдаған жобалар бар.

"Байқау шарттарына сай жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталып, көп дауыс жинаған үшеудің бірі таңдалады. Ал дауыс беру қортындысы қыркүйек айының 19-ында жарияланады. Жеңімпазға марапатпен қатар, көрме маскотының брендбугын жасау туралы келісімшартқа қол қою ұсынылады", - дейді "Астана ЭКСПО-2017" АҚ маркетинг және жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры Әсел Қожақова.

Сондай-ақ, көрме маскотына www.expo2017mascot.kz сайтында дауыс беруге болады. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай