06 ақпан 2014 13:34

EXPO-2017 туристері "Байқоңырды" тамашалауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©РИА Новости сайтынан алынды Сурет ©РИА Новости сайтынан алынды

EXPO-2017 туристеріне "Байқоңырды" көруге ұсыныс білдірілуі мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Біз "Байқоңырды" Қызылорда облысының туризм саласын дамытуға пайдаланамыз деп айтып келеміз. Қызылорда облысы бұл сұрақты өте белсенді көтеріп жүргенін жақсы білемін. 2017 жылы EXPO көрмесін өткізген кезде "Байқоңыр" секілді керемет жерлерімізді көрсету үшін экскурсия ұйымдастыруымызға болады. Біз бұл мәселені өте жоғары дәрежеде ілгері жылжытуымыз керек",- деді Ұлттық ғарыш агенттігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Сонымен бірге ол шетелдік компаниялар бұрыннан бері коммерциялық бағытта космодромдарына туристерді тартып жүргенін айтып өтті. Тіпті олардың кейбіреулері "Байқоңыр" кешенін туристтік нысан ретінде қарастырады екен. Еске сала кетейік, космодром 2050 жылға дейін Ресей Федерациясына жалға берілген. Бұдан бұрын хабарланғандай, еліміздің "Байқоңыр" кешенінде мәдени-танымдық туризмді дамыту жоспарланған. Бұл ретте ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті қазақстандық туристер "Байқоңыр" ғарыш айлағына жиі кіріп-шығуға жеңілдетілген рұқсатнама алу үшін, ондағы туризм инфрақұрылым дамыту мәселесі бойынша ресейлік тараппен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети