19 маусым 2017 16:56

EXPO-2017 ұйымдастырушылары шетелдік журналистің сынына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тқрар Қазанғапов © Тқрар Қазанғапов

"Астана ЭКСПО-2017"ҰҚ" АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов Джеймс Палмердің Foreign policy басылымына шыққан мақаласына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Астана ЭКСПО-2017"ҰҚ" АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов Джеймс Палмердің Foreign policy басылымына шыққан мақаласына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз шын мәнінде ондай журналистің бар екенін анықтадық. Ол ұлыбританиялық бірнеше басылымға жазады екен: негізінен Орталық Азия және Қытай жайлы. Көрмеге мұндай журналист тіркелмеген. Біз қауіпсіздік департаменті арқылы ҚР аумағына мұндай азамат мүлдем келмегенін анықтадық", - деді Сергей Куянов. 

Ол мақала авторының көрмеге мүлдем аяқ баспағанына сенімді. 

"Менің ойымша, Палмер мырза біреудің әсері арқылы немесе біреудің материалы арқылы осы мақаланы жазған. Немесе оның атымен басқа біреу жазған. Бұл өзі түсініксіз жағдай, журнал барлығына танымал, ол бүркеншік атпен мақала жариялайды дегенге сенбеймін. Себебі бұл ірі басылымдардың абыройына нұқсан келтіреді", - деді Сергей Куянов. 

Оның айтуынша, кейбір деректер шындыққа жанаспайды. 

"Мақалада айтылғанның барлығы асыра айтылған. Құрылыс бағасын ол 5 миллиардқа салынды деген, алайда кешеннің құрылысымен бірге 1,3 миллиард доллар жұмсалды", - деп қорытындылады ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети