19 маусым 2017 17:05

EXPO аумағында тамақ неге қымбат?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ өкілдері көрме аумағындағы тамақтың қымбат сатылып жатқаны туралы ақпаратқа өз пікірлерін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ өкілдері көрме аумағындағы тамақтың қымбат сатылып жатқаны туралы ақпаратқа өз пікірлерін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз қоғамдық тамақтану орындарын сан түрлі және барынша көп етуге тырыстық. 25 стационарлық нысан және 33 дүңгіршек. (...) Біз тұрғындардың барлық деңгейін ескердік. Қоғамдық тамақтану дүңгіршектерін мысалға алсақ, олар арзан болу керек, онда орташа түскі ас - 1400 теңге. Бұл ойын-сауық және сауда орталықтарындағы бағамен тең", - дейді брифинг барысында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" Коммерциализация департаментінің директоры Дәулет Еркембаев. 

Ол көрме аумағындағы мейрамханалардың біріндегі қымбат бағалар туралы ақпарат жайында сөз қозғады. 

"Интернетте қызу талқыланып жатқан деректі мысалға алар болсақ, ол "Тайқазан" ұлттық тағам мейрамханасы. Бұл қазақ тағамдарының жоғары деңгейдегі мейрамханасы. Бұл мейрамхана расында да орташадан сапасы мен қызмет көрсету жағынан бір саты жоғары", - деп мойындады Дәулет Еркембаев. 

"Ұлттық тағамдар туралы айтсақ, олар фудкорт аймағында да бар. Онда бірнеше мыңға ұлттық тағамдар алуға болады. Біздің ұлттық асты дүңгіршектерден де 1200 теңгеге алуға болады", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети