01 ақпан 2019 14:54

EXPO қалашығындағы пәтерлердің шаршы метрі неліктен 399 мың теңге екені айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Бәйтерек девелопмент" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әділбек Ысқақ EXPO қалашығындағы пәтерлердің бағасы қалай есептелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Бәйтерек девелопмент" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әділбек Ысқақ EXPO қалашығындағы пәтерлердің бағасы қалай есептелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Пәтерлердің бағасы жоба-смета құжаттамасына байланысты анықталады. Ол бағаны мемлекеттік сараптама растайды. Белгіленген бағада компанияның 2014 жылдан бастап жұмсаған барлық шығыны бар. Ұлттық қордан ақшаны біз қарызға аламыз, белгілі бір пайызбен. Яғни ақшаның барлығы қарызға алынған, олар қайтарылады. Компания Ұлттық қордан алған ақшаны толық мөлшерде қайтаруы тиіс. Сондықтан пәтерлердің бағасы да осындай", - деп түсіндірді Әділбек Ысқан Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында.

Мұның алдында "Бәйтерек девелопмент" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев 15 ақпаннан бастап EXPO қалашығындағы пәтерлерді бөліп төлеу арқылы сатып алуға болатынын айтқан еді.

EXPO қалашығындағы пәтерлердің бағасы анықталды

Еске салайық, 2018 жылдың 1 маусымыннан бастап "Бәйтерек" холдингінің - "Байтерек девелопмент" АҚ еншілес ұйымы Астана қаласындағы ЭКСПО аумағында орналасқан тұрғын үйлерді өткізе бастаған еді. 

Айта кетейік, қалашықтағы бір бөлмелі пәтердің аумағы 41,3-50,7 шаршы метр; екі бөлмелі - 60,8-75,6 шаршы метр, үш бөлмелі - 85,3-104,9 шаршы метр, төрт бөлмелі - 108,4-123,7 шаршы метр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети