EXPO көрмесінде 82 жастағы ерікті жұмыс істейді

08 Маусым 2017, 17:05
0
EXPO көрмесінде 82 жастағы ерікті жұмыс істейді -

EXPO-2017 көрмесінің еріктілер арасында Астананың 82 жастағы тұрғыны - ЕҰУ мұғалімі де бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ЖОО баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен 500 ерікті Астанада өтетін мамандандырылған көрмеде өз жұмысын бастап кетті. Олардың қатарында - ең 82 жастағы ерікті бар, ол Гиннестің рекордттар кітабына енуі де мүмкін. Ол - Мария Легай, 82 жастағы физика-техникалық факультетінің мұғалімі. 

Мария Легайдың еңбек өтілі 50 жылдан асқан. 

Айта кетейік, осыған дейін EXPO-2017 көрмесінде еріктілер қатарында ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбектің қызы да болатыны хабарланған еді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай