28 наурыз 2017 16:44

Galaxy Note 7 қайтарыла бастағанда Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға қанша смартфон әкетілгені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© © youtube.com/Ariel Gonzalez © © youtube.com/Ariel Gonzalez

2017 жылдың қаңтарында Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға жалпы құны 453, 5 мың доллар болатын 4 450 смартфон әкетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік кіріс комитетіне сілтеме жасап. Ескертейік, телефондардың нақты қандай модельдері шығарылғаны туралы ақпарат жоқ.  


2017 жылдың қаңтарында Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға жалпы құны 453, 5 мың доллар болатын 4 450 смартфон әкетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік кіріс комитетіне сілтеме жасап. Ескертейік, телефондардың нақты қандай модельдері шығарылғаны туралы ақпарат жоқ.  

Қаңтар айында Қазақстанға 692,5 мың долларға 4 941 смартфон кіргізілген. Кореямен бірге Голландияға - 131, Чехияға - 360 телефон жіберілген. 

2016 жылдың қыркүйегінде бірнеше Samsung Galaxy Note 7 телефоны жарылғаннан кейін Оңтүстік Корея корпорациясы өз сайтында қолдағы смартфондарды өшіріп, жаңасына ауыстыру керектігі туралы хабарлама орналастырған. Бұл хабарлама 2016 жылдың 10 қыркүйегінде жарияланды. Жаңа телефондардың аккумуляторындағы ақаудан телефондардың жарылуы осындай мәлімдеме жасауға себеп болды. Samsung компаниясы осындай 35 жағдайы болғанын мәлімдеді. 

2016 жылдың қыркүйек, қазан, қараша айларында Оңтүстік Кореяға Қазақстаннан телефондар шығарылмады. Ал 2016 жылы Қазақстаннан Кореяға 26,5 мың долларға 141 телефон шығарылған. Олардың бәрі мамырда шығарылды, ал тағы үш телефон қаңтарда шығарылған болатын. 

Ал жыл бойы Қазақстаннан 65 194 телефон шығарылған. Көпшілігі - 53 189 - Біріккен Араб Әмірліктеріне. Чехияға 3402 смартфон, Молдоваға 2545, Грузияға 1800, сонымен бірге, Тайван, Түркменстан, Өзбекстан, Финляндия, Вьетнам және Латвияға 656-ден 100-ге дейін телефон шығарылған.

Ал 2016 жылы елімізге 3 108 071 смартфон әкелінді, жалпы құны 373, 77 миллион доллар. Көбіне Қытай (221 миллион доллар) және Вьетнамнан (148 миллион доллар). Қаңтар-ақпанда сыртқа 41,1 миллион долларға 40,14 смартфон шығарылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети