15 желтоқсан 2014 17:20

Google Translate құрастырушылары аударма сапасына айтылған сынға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Wikibilim қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы Google Translate жүйесіндегі қазақ тілінің аудармасын сапасыз деп сынағандарды сервистің сапасын өздері жақсартуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы жоба құрастырушыларының өкілі Астанада Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.


Wikibilim қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы Google Translate жүйесіндегі қазақ тілінің аудармасын сапасыз деп сынағандарды сервистің сапасын өздері жақсартуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы жоба құрастырушыларының өкілі Астанада Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

Кенжеханұлы қолданушылардың жүйені өте сапалы болады деп күткенін айтты. "Күнде қолданып жүрген қолданушылар оның машина аударма екенін біледі. Аударма - бұл күрделі жұмыс, тіпті екі адам отырып бір мәні бар сөзді аударғанда екеуі бірдей нәтиже бермейді. Қайтсе де машина аударма мен нәтиже береді, адам соған қарап, түгелдей бір веб-парақшаның, сөйлемнің, сөздің мағынасын біле алады. Сондықтан да бірінші қадамымыз сәтсіз болды деп ойламаймын. Оның үстіне жүйенің сапалы бола түсуге мүмкіндігі бар екені жақсы, себебі әрбір қолданушы қатені немесе нақты емес мағынаны көргенде кіріп, түзету енгізіп, сапасын жақсарта алады", - деді ол.

Кенжеханұлының айтуынша, қазақ тілінен аударатын жүйе ағылшын тіліне негізделіп жасалды. "Қарапайым сөйлемде жақсы нәтиже шығады. Біз бес-алты сөзге дейін күрделендіріп көрдік. Әсіресе, ағылшын тілінде жаман емес. Ағылшын тілі - транзит тіл, жүйені дамытумен айналысқан кезде ағылшын тілінен орыс тіліне аударылатын мәтіндерге қатар негізделдік. Бұл тек ағылшын тілінде жұмыс істеуге болады деген сөз емес. Біз 90 тілмен қатар жұмыс істей аламыз", - деді ол. Оның мәліметінше, Google Translate жүйесін күн сайын 200 мың адам қолданады.

 

Еске сала кетейік, Google аудармашысының қазақ тіліне арналған қызметі 12 желтоқсанда іске қосылды. Қызмет тегін көрсетіледі. Кенжеханұлының айтуынша, бұл жүйеге қазақ тілін кіріктіру үшін екі жылдан астам уақыт қажет болды. Сервисті жақсартуға 400 ерікті адам қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети