Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

IPHO-2014: Қазақстан оқушылары үш алтынмен 8-орынға ие болды

20 Шілде 2014, 18:43
0
Фото: ipho2014.kz
Фото: ipho2014.kz

Бүгін физика пәнiнен Астанада өткен оқушылар арасындағы халықаралық Олимпиаданың (iРhO) қорытындысы шығарылып, Қазақстан құрамасының үш алтын, екі күміс жүлдемен 8-орынды иеленгені мәлім болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана қаласындағы Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында өткен физика пәнiнің 45-шi халықаралық Олимпиадасына (iРhO) әлемнің 85 мемлекетінен 400-ге жуық оқушы қатысты. Олар төрт күн бойы теориялық және тәжірибелік білімдерін ортаға салып, сынға түсті.

Бұл Олимпиада елордадағы Назарбаев Университеті базасында өтті. Осы халықаралық сында Қазақстан оқушылары 3 алтын және 2 күмiс медаль еншілеп, жалпы командалық есепте алғашқы ондыққа ілігіп, 8-орынға ие болды.

Атап айтқанда, білім сайысында алтынды Әмір Бірәлин, Тұрсынбек Нұрислам және Иса Данат жеңіп алса, күміске Нұрбек Дінмұхаммед пен Дәулет Құрмантаев қол жеткізді. Біздің елдің озат оқушыларының алдын тек Қытай, Тайвань, Корея, Вьетнам, Үндістан, Ресей таланттары орап кетті.

Халықаралық Олимпиадасына (iРhO) ұйымдастырушы комитет мен академиялық комитеттің мүшесі, физикадан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Ернұр Рысмағамбетов білім бәйгесінде жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде еліміздің намысын қорғаған бес оқушының бәрі де жүлдеге ілікенін атап өтті.

"Жыл сайын осы Олимпиадаға бес баладан қатысқанын ескерсек, соңғы алты жылда физикадан барлығы 30 оқушымыз сынға түсті. Солардың 29-ы жүлдеге ілігіп, еліміздің мерейін тасытты", - деп түйіндеді сөзін Е.Рысмағамбетов.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай