17 қыркүйек 2015 14:44

Instagram желісінде қазақстандықтарға айыппұлды өшіріп беру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Instagram желісінің қазақстандық сегментінде әкімшілік полицияның мәліметтер базасынан айыппұлдарды өшіп тастауды ұсынатын аккаунт пайда болды. ҚР Ішкі істер министрлігіндегілер Tengrinews.kz тілшісіне ол аккаунтты тексеретіндерін айтты.


Instagram желісінің қазақстандық сегментінде әкімшілік полицияның мәліметтер базасынан айыппұлдарды өшіп тастауды ұсынатын аккаунт пайда болды. ҚР Ішкі істер министрлігіндегілер Tengrinews.kz тілшісіне ол аккаунтты тексеретіндерін айтты.

Бұл аккаунтта қазақстандықтарға айыппұлды 20 мың теңгеге өшіріп беру ұсынылған. Айыппұлды өшіру үшін автокөліктің номері мен техникалық төлқұжат қажет. Сонымен қатар, Tengrinews.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берген ІІМ мамандары айыппұлды базадан өшірудің мүмкін емесін айтты. 

"ІІМ әкімшілік құқық бұзушылық ведомстволық мәліметтер базасы қорғалған, жүйе қорғалған. Қандай да бір өзгертуді енгізу мүмкін емес. Мәліметтер базасында жасалған кез келген әрекет, яғни қандай да бір құқық бұзушылыққа өзгерту енгізу бойынша, тіркеледі. Әрбір құқық бұзушылықтың тарихы жазылады. Ал өшіріп тастау мүлдем қарастырылмаған, ол техникалық жағынан мүмкін емес", - деді Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы, подполковник Бауыржан Нұрахметов.

Ол құқық қорғау органдарының тиісті бөлімшелерінің бұл аккаунтты тексеретінін айтты. "Жауапкершілікке қатысты айтатын болсақ, азаматтар тарапынан ондай деректер әзірше түскен жоқ - яғни, қызметті пайдаланып, алданып ақша беріп, айыппұлдарының өшірілмей қалғаны туралы, ондай хабарлама болмады. Болған жағдайда, шара қолданылады, ол қылмыстық заңнамамен қудаланады. (...) Біз ол аккаунтты тексердік, көрсетілген номерге хабарластық, өшіп тұр. Біз хаттың көшірмесін ІІМ тиісті бөлімшелеріне жолдаймыз, олар өз тексерулерін жүргізеді", - деді Нұрахметов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети