02 сәуір 2014 16:16

KazSat-3 спутнигі 28 сәуірде сағат 10.25-те ұшырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©М.В.Хруничев атындағы МҒҒӨО ©М.В.Хруничев атындағы МҒҒӨО

KazSat-3 байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигі Байқоңыр ғарыш айлағынан 28 сәуірде ұшырылады деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


KazSat-3 байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигі Байқоңыр ғарыш айлағынан 28 сәуірде ұшырылады деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің үшінші байланыс және хабар тарату спутнигі "Қазғарыштың" қарамағындағы "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ-ның тапсыры бойынша жасалған. KazSat-3 спутнигін құру жобасын жүзеге асыру - спутниктік байланыстың қазақстандық жүйесін қалыптастырудың келесі кезеңі. Ол еліміздің телевизиялық хабар тарату, тиянақталған байланыс, интернет және деректерді беру нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейді.

"KazSat-3 спутнигін құру және ұшыру жобасы бойынша жұмыстар Ресейдің "Академик М.Ф.Решетнёв атындағы ақпараттық спутниктік жүйелер" жетекші ғарыш компаниясымен жасалған шарт аясында жүргізілуде. 24 наурызда KazSat-3 қазақстандық спутнигі Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізіліп, қазіргі таңда 92А-50 монтажды-сынау корпусында ғарыш аппаратын ұшыруға дайындау жұмыстары басталды", - делінген "Қазғарыштың" баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Бриз-М" үдеткіш блогы мен "Луч-5В" және KazSat-3 коммуникациялық ғарыш аппараттары бар "Протон-М" зымыраны Байқоңыр ғарыш айлағының № 81 алаңынан 28 сәуірде Астана уақыты бойынша 10.25-те ұшырылатын болады.

Еске сала кетейік, қазақстандық түңғыш спутник - KazSat 2006 жылдың 18 маусымында ұшырылып, борттық цифрлы есептегіш жүйесінің істен шығуынан жоғалып кеткен болатын. Екінші спутник - KazSat-2 2011 жылдың 16 шілдесінде ұшырылып, қазір штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети