Kazakh TV телеарнасы жаңа форматта шықты

25 Қазан 2016, 09:52
0
Kazakh TV телеарнасы жаңа форматта шықты -

2016 жылдың 25 қазаны күні Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен жаңарған "Kazakh TV" арнасы ресми іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министр "Kazakh TV" арнасының ұжымы және БАҚ өкілдерімен  кездесіп, арнаға және қызметкерлеріне құттықтау сөзін жолдады. Өз сөзінде Министр мемлекетімізді халықаралық деңгейде  танытудың маңыздылығы  және Қазақстанды шет елдерде   әйгілі етуде "Kazakh TV"  арнасының рөлінің тиімділігіне тоқталды. 

Арна директоры Андрей Тараковтың айтуынша: "25 қазан күні көрермен "Kazakh TV" арнасын жаңа бейнеде, сондай-ақ жаңа қызықты жобалармен көреді. Алайда арна әрі қарайда Қазақстанның ерекше әлеміне жол сілтеуші міндетін атқаруын жалғастыруда".

Жаңа эфирлік безендірулермен қатар арна логотипі де ауысты. "Kazakh TV" телеарнасының логотипі графикалық және вербальді элементтерден тұрады: дала қыранының бейнесі "Kazakh TV" атауымен төртбұрышқа енгізілген. Дала қыраны қазақ қалқы үшін еркіндік, тәуелсіздік және мақсатқа жету мағынасын білдіреді. Тәуелсіз Қазақстан үшін қыран жаңа белестерді бағындыру мағынасын берсе, арна үшін де - халықаралық телевидение кеңістігінің шыңдарына ұмтылудың нышанына іспеттес.

25 қазаннан бастап "Kazakh TV" және "Білім және Мәдениет" арналары бір "Kazakh TV" атауымен таралады. Арна Қазақстан тарихы, мәдениет, дәстүр, туралы бағдарламаларын көрсетілімін  жалғастырады. Арна HotBird 13B, Galaxy 19 және AsiaSat 5 спутниктік платформасының көмегімен қазақ және ағылшын тілдерінде эфирге шығады. Отандық көрермендерге қазақ және орыс тілдерінде спутниктік және кабелдік арналар арқылы қол жетімді болады.

Жаңа телевизиялық маусымда арна контенті шетелдік бизнестің келешегі, бизнес және демалыс үшін туристік секторлар мүмкіндігіне тоқталатын, сондай-ақ Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын бейнелейтін тақырыптық блоктарға бөлініп толығады. 

Айта кетейік, KAZAKH TV өзінің алғашқы көрсетілімін 2002 жылдың 25 қазаны күні бастады. "Хабар", "Хабар 24" арналарымен қатар Kazakh TV арнасы "Хабар" Агенттігі" АҚ телеотбасының бір бөлігі. Спутниктік арна көмегімен әлемнің 118 мемлекетіне тарайды. Олардың арасында Солтүстік және Орталық Америка, Батыс және Шығыс Еуропа, Австралия және Океания, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия және Оңтүстік Кавказ елдері бар. Арна форматы - ақпараттық-танымдық. Барлық бағдарламаларды арнаның www.kazakh-tv.kz сайтынан көруге болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай