Massaget.kz сайтындағы "Экономика сабақтары" 30 мыңға жуық рет қаралды

26 Желтоқсан 2016, 15:22
0
Massaget.kz сайтындағы "Экономика сабақтары" 30 мыңға жуық рет қаралды - © Massaget.kz
© Massaget.kz

Massaget.kz порталындағы "Экономика сабақтары" білім беру жобасы 30 мыңға жуық рет қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Massaget.kz порталы "Samruk-Kazyna Trust" компаниясымен біріге отырып, 21 қарашадан бастап экономика ілімі туралы видеодәрістер жүргізген болатын.

Жалпы, "Экономика сабақтарының" 25 видеодәрісі жарияланды. Сабақтар қазақ тілінде жүргізілді. Жобадағы видеодәрістер жоғары сынып оқушыларына, жоғары оқу орындарының студенттеріне және экономика негіздерін білгісі келетіндерге арналған болатын. Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, интернетте экономика туралы материалдар аз, ал қазақ тіліндегі оқыту материалдары тіпті жоқ.

Видеодәрістер экономиканың негізгі ұғымдары, кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік, олардың өсуіне кедергі болатын факторлар, экспорт және импорт, қызметкерлер түрлері, айналым қаражатын пайдалану, кіріс пен шығыс және отбасылық бюджетті қадай дұрыс есептеуге болатынын жайлы маңызды кеңестер айтылады. Мысалы, 9-шы дәрісте экономиканың құрылымы мен мемлекет экономикасы, ұлттық экономика мен оның салалары және инвестиция ұғымдары кеңінен ашылады.

Cонымен қатар, "Экономика сабақтары" білім беру жобасын ұйымдастырушылар экономика саласының бірнеше маманынан пікір алған. Олардың ішінде экономистер Әділ Смағұлов, Мақсат Халық, Мақсат Сералы, экономика ғылымдарының докторы Рахман Алшанов бар.

Сондай-ақ, жоба ұйымдастырушылары шығармашылық жұмыстың тез әрі еш қиындықсыз өткенін айтты. Айта кетейік, осыған дейін жарияланған мақалада шығармашылық топ түсірілім жұмыстарының қалай өткенін айтып берген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай