27 шілде 2018 15:18

NASA айдың тұтылу картасын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pexels.com Көрнекі сурет: pexels.com

NASA ақпараттық порталында айдың тұтылу картасы жарияланды. Айдың тұтылған сәтін бүгін, 27 шілдеден 28-не қараған түні көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


NASA ақпараттық порталында айдың тұтылу картасы жарияланды. Айдың тұтылған сәтін бүгін, 27 шілдеден 28-не қараған түні көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Картадағы мәліметтерге қарағанда, қазақстандықтар сирек табиғи құбылысты басынан аяғына дейін тамашалай алады. Айдың тұтылған сәті бүгін жердің жарты бөлігінде көрінеді. Солтүстік және Орталық Америкадан басқа, тұтылуды кем дегенде Таяу Шығыс, Үндістан, Орталық Азиян, Шығыс және Оңтүстік Африканың бөліктерінің тұрғындары толыққанды тамашалай алады. 

Тұтылу Астана уақытымен сағат 00.24-те басталады да, сағат 1.30-дан 3.13-ке дейін ай тұтас тұтылады. Ал сағат 4.20-да айдың тұтылуы аяқталады.

Одан бөлек, ҚР Қорғаныс министрлігінің Аэроғарыш комитетінің хабарлауынша, шілденің аяғында Марстың қарсылық көрсетуі басталады.

"Ұлы қарсыласу араға 15 немесе 17 жыл салып өтеді. Осыған дейінгісі 2003 жылы болған еді, ал келесі қарсыласу 2035 жылы болады. Негізінде ондай құбылыс тамызда немесе қыркүйекте өтеді. Ол қандай қарсыласу? Жер мен Марс көршілес планеталар ретінде күннің айналасында бірдей бағытта айналады. Екі планета да бір жазықтықта, бір эллипста айналады. Жердің орбитасы дөңгелек келсе, Марстікі ұзындау, сопақтау келген. Осылайша, орбитаның тығыз болуы нәтижесінде Марс қарсылық көрсете бастайды", - деді В.Г. Фесенков атындағы  Астрофизика институтының жетекші ғылыми зерттеушісі Владимир Терещенко.

Ғалымның түсіндіруінше, Марстың қарама-қарсылық көрсетуі - тек геометриялық құбылыс. 

Сондай-ақ, Владимир Терещенко бұл қарсыластықтың екі айға дейін созылатын құбылыс екенін айтып өтті.

Бүгін 27 шілде, планета тұрғындары айдың тұтылуы көрінісін тамашалай алады. Ай Алматы және Астана уақыты бойынша сағат 23.13-те Жер бетінің қабатына кіре бастайды. Мұның алдында Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының сарапшылары Айдың тұтылуын анық көру үшін қайда бару керектігін және олармен бірге не істеуге болатыны туралы айтып берген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети