Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

"National Geographic" журналы қазақ тілінде шығады

07 Қыркүйек 2015, 11:07
1
Астана. © Людвига. Natgeo
Астана. © Людвига. Natgeo

"National Geographic" журналы жақын арада қазақ тілінде де шығады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер ведомствосы EXPO-2017 Комиссары, ҚР сыртқы істер министрі Рапил Жошыбаевтың жетекшілігімен қазақстандық делегацияның Америка Құрама Штаттарында бірқатар кездесу өткізгенін хабарлады.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Вашингтонда EXPO-2017 Комиссары АҚШ президентінің арнайы көмекшісі - Ресей және Орталық Азия Ұлттық қауіпсіздігі кеңесінің директоры Селеста Уолландермен, АҚШ Мемлекеттік хатшысының кеңесшісімен, елші Дэвид Торнмен, АҚШ энергерика министрінің көмекшісі Джонатан Элкайндпен, сонымен қатар Ұлттық географиялық қоғамының басшыларымен, "АРПА-Е" агенттігімен, "Brands USA" туристік компаниясы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

"АҚШ Ұлттық географиялық қоғамының вице-президенті Ричардсон "National Geographic" журналын жақын арада қазақ тілінде де шығару жоспарланғанын айтты", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.      

Рапил Жошыбаев АҚШ-қа сапары кезінде "Honeywell" және "UnitedТechnologies Corp корпорацияларында болып, қазақ студенттермен кездесті.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай