Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Qazaq Air бірінші рейстерін 1 шілдеден бастап іске қосады

10 Маусым 2015, 16:04
0

Qazaq Air әуе компаниясы 1 шілдеден бастап алғашқы рейстерін ашады. Бұл туралы "Самұрық-Қазына "ҰҚҚ" АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев Forbеs Kazakhstan дөңгелек үстел отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 шілдеден бастап әуе рейстері ашылады, біз мұны компанияны жекешелердіруге дайын боламыз", - деді Шөкеев.

Алайда, қор басшысының айтуынша, оған дейін Qazaq Air мемлекеттік компания болып қалады. "Qazaq Аir компаниясын мемлекеттік-жекеменшік серіктес қылғымыз келген. Бірақ жеке компаниялар мемлекеттік компаниялардың есебіне қызмет еткісі келеді. Сондықтан да біз оны жүз пайыз мемлекеттік компания ретінде ашуды ойладық", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Еске сала кетейік, "Самұрық-Қазына" ҰҚҚ еншілес Qazaq Air компаниясын ашқан болатын. Бұл туралы мамыр айында белгілі болды. Оған дейін Өмірзақ Шөкеев әуе компаниясы үшін ұшақ әкелу мәселесінің қаралып жатқанын хабарлаған. Ол жаңа әуе компаниясы жергілікті нарыққа жұмыс істейтінін айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай