03 қараша 2014 11:36

SCAT әуе компаниясы вице-министрдің сынына жауап қайтарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©SCAT баспасөз қызметі ©SCAT баспасөз қызметі

SCAT әуе компаниясы ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Жеңіс Қасымбектің ескірген әуе паркі жөніндегі сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


SCAT әуе компаниясы ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Жеңіс Қасымбектің ескірген әуе паркі жөніндегі сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания өкілдерінің айтуынша, SCAT әуе компаниясы 2020 жылға дейін әуе кемелері флотын жаңартпайын деп отыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. "Әуе компаниясы ұшақтар паркін жаңалау жөніндегі инвестициялық бағдарламаны жоспарлы түрде іске асырып келеді. Бұл бағдарлама 2012 жылы жасалып, бірнеше рет таныстырылды және Көлік және коммуникация министрлігімен келісілген", - дейді компания өкілдері. 

Сөйтіп, әуе компаниясы 2014-2020 жылдары шығарылғанына алты жылдан аспаған 32 ұшақ сатып алғалы отыр. "Жоспарланған көлемнен екі ұшақ 2014 жылы алынып қойды. Ондай ұшақтардың бірі - Boeing-767, ол Бали, Шарм-әл Шейх, Шри-Ланка бағыттарына халықаралық рейстерді орындап, қазақстандықтардың ұшу географиясын кеңейтті", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұған дейін Жеңіс Қасымбек ОҚК брифингінде SCAT өз флотын 2020 жылға дейін жаңартпайын деп отыр деп мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Қазақстан 2020 жылға қарай батыста шығарылған 61 әуе көлігін сатып алғалы отыр, содан кейін "Эйр Астана" ұшақтарының жасы алты жыл болады, ал SCAT ұшақтарына 15 жыл толады. "SCAT бойынша проблема бар. Біз компанияға үнемі егер тасымал нарығына ие болғыларыңыз келсе, флотты жаңартып, санын ұлғайтыңыздар дейміз. Егер олар сол деңгейде қала берсе, нарықтан кететін болады", - деді Қасымбек.

Вице-министрдің айтуынша, жылдың басынан бері қазақстандық әуе компанияларының паркі 8 ұшақпен толыққан, оның ішінде, "Эйр Астана" - 5, "Бек Эйр" - 2, SCAT 1 ұшақ сатып алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети