08 сәуір 2014 11:42

SCAT әуе компаниясына қатысты тексеру басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото avia.airget.ru.com сайтынан Фото avia.airget.ru.com сайтынан

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті SCAT әуе компаниясын тексеруге кірісті деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті SCAT әуе компаниясын тексеруге кірісті деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"SCAT әуе кемелеріне қатысты инциденттер бойынша азаматтық авиация комитеті тексеріс жүргізуді бастады. Соның нәтижесі бойынша аталған оқиғалардың себептері анықталады. Сондай-ақ әуе компаниясының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына жаппай тексеріс жүргізіледі", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Айта кетейік, сәуірдің 7-сі күні Астана әуежайына SCAT әуе компаниясының Шымкент - Астана бағытындағы "Боинг-737" ұшағы апатты жағдайда қонған болатын. Оның алдыңғы шассиінен ақаулық шықты. Азаматтық авиация комитеті мен Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің бірлескен жұмысының арқасында әуе кемесі сәтті қонды. Бортта болған барлық 94 адамның (5 экипаж мүшесі және 84 жолаушы) ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети