Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 310.83
EUR / KZT - 349.96
CNY / KZT - 45.13
RUB / KZT - 5.50

SCAT компаниясы әуе апаты құрбандарына ескерткіш орнатты

21 Қаңтар 2014, 13:10
0
©tengrinews.kz
©tengrinews.kz
©tengrinews.kz
©tengrinews.kz
©tengrinews.kz
©tengrinews.kz
SCAT компаниясы Алматы облысында болған әуе апаты құрбандарына арнап еске алу мемориалын орнатты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сегіз күннен соң CRJ-200 ұшағының апатқа ұшырағанына бір жыл толады. Апаттан 21 адам қаза тапқан еді.

Алматы облысы Талғар ауданы жер комитеті жетекшісі Қайрат Алтынбекұлының айтуынша, ескерткішті орнату үшін 16 шаршы метр аумақ бөлінген. "Ескерткіш ұшақ құлаған жердің Құлжа күрежолына жақын тұсында. Бұл учаске көлікпен баруға қолайлы болу үшін әдейі таңдалды. Жер SCAT әуе компаниясына қайтарымсыз, әрі тұрақты пайдалануға берілді", - деп түсінік берді Қ.Алтынбекұлы.

Сонымен бірге, Алматы облысы әкімдігі өкілдері еске алу мемориалының ескерткіштердің мемлекеттік реестріне енуі мүмкін екенін айтты. Еске салайық, ірі әуе апаты 2013 жылдың 29 қаңтарында болды. SCAT-қа тиесілі CRJ-200 қонуға таяғанда құлап түсті. Борт Көкшетау - Алматы рейсін орындаған болатын, апат салдарынан экипажды қосқанда 21 адам қайтыс болды.

Болжам бойынша төтенше оқиғаның себебі қолайсыз ауа райы деп шамаланды. Мемлекетаралық авиация комитеті ірі әуе көлігінің апатқа ұшырауына қатысты ресми мәліметті әзірше жария ете қойған жоқ.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай