Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

SCAT өкілдері депутаттың сынына жауап қайтарды

11 Сәуір 2014, 19:02
0
©Firsov.kz
©Firsov.kz

SCAT қызметкерлері Астана әуежайында болған соңғы оқиғадан соң әуе компаниясы жұмысын уақытша тоқтатуды ұсынған Мәжіліс депутаты Жабал Ерғалиевтің сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Компания өкілдері өз дәйектерін ашықхат түрінде баяндаған.

Қазір әуе компаниясын ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің тексеріп жатқанын еске салайық. Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, бүгінде SCAT-қа қарсы ақпараттық соғыс жүріп жатыр. Бұл соғыс туристік маусым кезінде одан әрі қыза түседі.

Қызметкерлердің айтуынша, SCAT-тың қысымға ұшырап отырғаны бірінші рет емес. Әуе компаниясы өкілдері депутаттың "2013 жылдың 29 қаңтарында Алматы түбінде болған әуе апатының себебі - адами фактор. Соңғы кездердегі оқиғалар SCAT ұшақтарымен ұшудың қауіпті екенін көрсетіп отыр" деген пікіріне наразы. "Төтенше оқиғаның себептері әлі анықталып жатыр. Оған "адам факторы себеп болды" деуге ерте. Апаттан экипаждың бес мүшесі мен 16 жолаушы қайтыс болды. Ең болмағанда, марқұмдардың әруағын сыйлау керек еді, парламенттік мінберден тексерілмеген, дәлелденбеген нұсқаны айту орынсыз. Сол сияқты ол апат құрбандарының санын алты адамға қолдан көбейтіп қойды", - дейді әуе компаниясының өкілдері.

Компания мамандары SCAT-тың қазақстандықтардың сеніміне ие екенін айтты. Олардың айтуынша, көліктің қай түрі де қауіпті. "Жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болып жатқандардың статистикасы әр адамның үйден шыққан бойда-ақ қауіп аймағына тап болатынын көрсетіп отыр. Ал "психологиялық стресті" үйде отырып та бастан өткеруге болады", - делінген хатта. SCAT өкілдері әріптестерінің кәсіпқойлығына күмән келтірмейді. Олардың мәлімдеуінше, 7 сәуірдегі оқиға кезінде Boeing 737-нің алдыңғы шассиінің тіреуін есепке алатын дабыл жүйесі істен шыққанда экипаж ұшақты Астана әуежайына қондыра алды. "Өкінішке қарай, кейде тіпті жетілген техниканың өзі істен шығып жатады, ондай жағдайларда бәрі Сіз айтқан "адам факторына": біздің пилоттар ең күрделі делінген жағдайларда талай көрсетіп жүрген шеберлікке, салқынқандылыққа тәуелді", - деп жазды хат авторлары.

Компания өкілдері өзге әуе компанияларында, айталық, австриялық әуе компанияларының бірінде 7-8 сәуір күндері 14 төтенше оқиға болғанын тілге тиек етеді. Қызметкерлер өздерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еңбек ететінін айтады. "Әуе тасымалы нарығында бәсекелестік әділ әрі ашық болуы керек, біз қазақстандық әуетасымалдаушылардың мүддесін ашық әрі әділ түрде қорғайтын боламыз", - дейді компания өкілдері.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай