Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

SCAT президенті әуе апаттарын зерттейтін тәуелсіз орган құруды ұсынады

28 Қаңтар 2014, 11:27
0
SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисов. ©Роза Есенқұлова
SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисов. ©Роза Есенқұлова
Қазақстанда әуе апаттарын зерттейтін тәуелсіз орган құрылуы керек, SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисов осындай пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаңтардың 29-ы күні Алматы түбінде CRJ-200 ұшағының апатқа ұшырағанына бір жыл толатынын айта кетейік. Қайғылы оқиға 21 адамның өмірін қиып кеткен болатын.

"Елімізге әуе апаттары мен әуедегі төтенше оқиғаларды зерттеу жөніндегі тәуелсіз орган аса қажет. Бұл - Азаматтық авиация халықаралық ұйымы - ICAO-ның талабы. Мемлекет мұндай органды төтенше оқиғалардың себебін анықтау мен алдын алу мақсатында құруы керек. Бұл бағытта қандай да бір қадамдар жасалғанымен, заң жүзінде әлі ештеңе жоқ", - дейді Денисов.

Қазіргі уақытта өткен жылы SCAT әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау себебін Ресейдегі Мемлекетаралық авиация комитетінің мамандары зерттеп жатыр. Әзірше зерттеу қорытындысы жария болған жоқ. Денисовтың сөзіне қарағанда, оқиға себебін зерттеуге SCAT өкілдері қатыстырылмаған. "Мен Қазақстанның басқа да азаматтары сияқты қарапайым тұрғынмын. Сол себепті сабырлық танытып, Мемлекетаралық авиация комитетінің ресми жауабын күту қажет", - дейді ол.

Еске сала кетейік, Алматы түбіндегі апат 2013 жылдың 29 қаңтарында болды. Көкшетаудан шыққан жолаушылар ұшағы қонуға таяған кезде құлаған еді. Жерге соғылған әуе көлігіндегі 21 адамның ешқайсысы аман қалмады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін деген жорамал айтылды. Жуырда SCAT компаниясы апат құрбандарына ескерткіш орнатты.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай