02 наурыз 2015 15:01

Tengri FM мен "Жұлдыз FM" "Ұмытылмас ерлік" жобасында Ұлы Отан соғысы әйелдері жайлы баяндайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengri FM мен "Жұлдыз FM" радиостанциялары Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік театрымен және "Жас Сахна" театрымен бірге "Ұмытылмас ерлік! Ұлы Отан соғысы әйелдеріне арналады" атты жобаны ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Tengri FM мен "Жұлдыз FM" радиостанциялары Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік театрымен және "Жас Сахна" театрымен бірге "Ұмытылмас ерлік! Ұлы Отан соғысы әйелдеріне арналады" атты жобаны ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

8 Наурыз қарсаңында радиостанциялардың эфиріне "Жауынгер қыздар" ("Женские судьбы") аталатын бағдарлама шығады, ол соғыс даласы мен еңбек майданында Жеңісті жақындатқан әйелдер туралы оқиғалардан тұрады. 

Tengri FM эфирінен "Жауынгер қыздар"  орыс тілінде 2 наурыздан бастап, жаңалықтардан кейін сағат 10.03-те, 13.03-те және 16.03-те тыңдауға болады. Бағдарлама қазақ тілінде сағат 11.33-те, 14.33-те және 18.33-те эфирге шығады. "Жұлдыз FM" эфирінде театр актрисалары батыр әйелдер туралы сағат 10.03-те, 12.03-те, 16.03-те, 17.03-те, 18.03-те және 19.03-те әңгімелейтін болады. 

Бұған дейін Tengrinews.kz сайтында "Жеңімпаздар" аталатын жобаның іске қосылғаны хабарланған еді. Біз қазақстандықтарды мұрағатты баға жетпес оқиғалармен толтыруға атсалысуға шақырамыз. Айдарда "Ардагер туралы оқиғаны жолдау" функциясы бар. Оған майдангердің аты-жөнін, әскери шенін, қызмет еткен жасағының түрін енгізіп, сілтеме бойынша фотосуретін де қосарлауға болады. Майдангердің соғыс жылдарындағы оқиғаларын "Жеңімпаздар" жобасына +7-70-09-05-1945 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы да жолдай аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети