29 қыркүйек 2014 11:12

Tengrinews.kz "Қазақстан заңдары" атты айдарды іске қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Tengrinews.kz "Қазақстан заңдары" атты жаңа айдарды іске қосты. Арнайы жоба оқырмандарға еліміздің нормативтік құқықтық актілерінің толық базасын тегін ұсыну мақсатымен ашылды.


Tengrinews.kz "Қазақстан заңдары" атты жаңа айдарды іске қосты. Арнайы жоба оқырмандарға еліміздің нормативтік құқықтық актілерінің толық базасын тегін ұсыну мақсатымен ашылды.

"Қазақстан заңдары" атты жаңа айдардағы құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде оқуға болады. Оқырмандар интерфейс пен құжаттардың тілін ауыстырып, шрифтті де үлкейтіп-кішірейте алады. Айдарда өзара байланысты құжаттарға өту мүмкіндігі де бар. Сондай-ақ, соңғы нормативтік-құқықтық актілердің тізімімен танысуға болады.

Tengrinews.kz порталының жаңа бөлімі үнемі жаңартылып отырады. Оқырмандар нормативтік құқықтық актілерге енген өзгертулерді және олардың бұрынғы нұсқаларын көре алады. Заң нұсқаларын жүктеп алуға, PDF форматына көшіруге немесе сайттың безендірілуінсіз басып шығаруға болады.

"Қазақстан заңдары" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" РМК - "Әділет" ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі" порталы авторларымен ынтымақтастықтың арқасында іске қосылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети